Әлемдегі ең бай адам саналатын Маск X платформасында Хаменей парақшасындағы жазбаның астына пікір қалдырған.
"Америка үлкен шайтан ба, әлде ұлы шайтан ба?", – деп жазды Маск Хаменей жазбасына жауап ретінде.
Бұл пікір АҚШ пен Иран аясындағы шиеленіс тұсында жазылып тұр. 22 маусымға қараған түні АҚШ Әуе күштері Ирандағы 3 ядролық нысанға соққы берді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл шабуылдардың мақсаты Иранның уран байыту инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеген еді.
Дегенмен 23 маусымда Иран армиясы "Жеңіс туралы қуанышты хабар" операциясы аясында алты зымыранды Қатарға, ал біреуін АҚШ әскери базалары орналасқан Ирак аумағына атты. Press TV мәліметінше, үш зымыран Катардағы АҚШ әуе базасына дәл тиген.