Jusan Bank Қазақтелекомдағы үлесін 42 млрд теңгеге сатты

277

Аталған үлесті сатып алушы – Telecom Systems Ltd компаниясы. 

Jusan Bank Қазақтелекомдағы үлесін 42 млрд теңгеге сатты Фото: Абзал Калиев

Jusan Bank 2024 жылдың желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ-тағы 9% үлесін сату мәмілесінің құнын жария етті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Банктің 2024 жылға арналған қаржы есебіне сәйкес, "Қазақтелекомның" 983 мың қарапайым акциясы әрқайсысы 43 498 теңгеден 2025 жылдың 24 наурызына дейін бөліп төлеу шартымен сатылған.

Мәміле сомасы шамамен 42 млрд теңгені құрады. Сатылым кезіндегі әділ құны мен акциялардың баланстық құны арасындағы айырмашылық 1,5 млрд теңге болды.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы дерек бойынша мәміле аясындағы қарыз сомасы 31 млрд теңгеге жеткен.

Еске салайық, 2023 жылдың сәуірінде Jusan Bank "Самұрық-Қазына" қорынан шығарылған облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алып, мемлекеттен алынған 100 млрд теңге көлеміндегі көмекті толық қайтарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу
OSZAR »