Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

179

Сондай-ақ, тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты Фото: Қостанай облысы ПД

Бүгін, 20 мамыр күні таңғы уақытта "Алматы – Екатеринбург" автожолының бойында, "Қайрақ" шекара бекетінен шамамен екі шақырым жерде Ford Transit көлігі DAF жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ford Transit көлігінің ішінде 10 шетел азаматы болған.

Апат салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақатпен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – "Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу
OSZAR »