Министрлік елдегі мұнай өндірісін реттеу сыртқы қысымның нәтижесі деген кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпараттарға байланысты ресми түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қазақстан Республикасы ОПЕК+ келісімі бойынша алған міндеттемелерін толық орындайды және жаһандық энергетикалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Мұндай келісімдерге адалдық – еліміздің энергетикалық саясатының бір бөлігі, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство сыртқы қысым туралы болжамдарды негізсіз деп, бұл мәлімдемелерді ресми түрде жоққа шығарды.