ТЖМ тікұшағы Оралдағы аурухананың ауласына шұғыл қонуға мәжбүр болды

99

Құтқарушылар жаңа туған сәбиді ауруханаға жеткізді.  

ТЖМ тікұшағы Оралдағы аурухананың ауласына шұғыл қонуға мәжбүр болды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы кеше ғана дүниеге келген баланы санавиациямен тасымалдау үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласына ұшып жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болды. Сәби тыныс алу аппаратына қосылған. 

"Әр секундтың маңыздылығын ескере отырып, БҚО ТЖД басшылығы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тікұшақты медициналық мекеменің аумағына қондыру туралы шешім қабылдады", – деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТЖМ ұшқыштарының жоғары кәсібилігінің арқасында шұғыл тасымал сәтті жүргізіліп, кішкентай науқас анасымен бірге денсаулық сақтау қызметкерлеріне аман-есен табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу
OSZAR »